ІІМ өкілдері Алматыдағы көп қабатты үй қабырғаларына жазылған синтетикалық есірткі жарнамаларын тексеріп өтті. Бұл туралы мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Алмас Сәдубаев мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір қызыл жағалылар жарнама авторларын іздестіріп, тиым салынған заттарды жарнамалаған ғаламтор ресурстарындағы парақшаларды бұғаттап тастаған.
Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ МТА департаментінің басшысы:
Қазір
ғаламтор парақшалары толық бұғатталды. Ал, тұрғындардан көп қабатты үй
қабырғаларында осы сынды жарнама байқасаңыздар, жедел суретке түсіріп, оның
жазылған мекенжайын полицияға хабарлауды сұраймыз.
Естеріңізге
салайық, кеше ғана Алматыда жаңа синтетикалық есірткі түрінің жасырын жарнамасы
көбейгені туралы материал берген болатынбыз. Қоғам үшін қауіпті есірткімен
күресуді қоғам белсендісі Ольга Агапова көтеріп, ол мұндай жазбаларды үйлердің
қабырғаларынан өшіріп тастап, тұрғындар арасында насихат жұмыстарын жүргізіп
жүргенін айтқан болатын.