Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл отбасының цифрлық картасы арқылы 202 мың адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

Отбасының цифрлық картасы арқылы тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Биыл 464 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. Тағы 202 мың азамат өтініш бермей-ақ жәрдемақы алған. Енді олар осы бағдарлама арқылы әлеуметтік төлемнің 10 түрін рәсімдеуге құқылы. Цифрлық картаға 20 миллион халық пен 6 миллион отбасы туралы ақпарат жинақталған.