Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда шетелдіктер такси қызметімен заңсыз айналысқан

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2024
  • 199

Атырауда полицейлер шетелдік заңсыз такси жүргізушілерін анықтады, деп хабарлайды polisia.kz.

Атырау қаласында көші-қон заңнамасын бұзып, еңбек қызметін рұқсат алмай жүзеге асыратын шетел азаматтарының такси қызметін ұсыну жағдайлары тіркеліп жатыр.

Шетел азаматтары жолаушыларды тасымалдауға рұқсаты болмаса да, арнайы қосымшалар қызметтерін пайдаланады.

Патрульдік полиция қызметкерлері қала аумағында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 571-бабының 2-бөлімі, яғни жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу дерегін анықтау бойынша арнайы рейдтік іс-шара өткізді.

Шара барысында көлік басқарған шетел азаматтарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.