Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада ер адам кеңсе терезесін әдейі сындырған

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2024
  • 331

31 қазанда таңғы сағат 9-да 26 жастағы ер адам кеңсе терезесін әдейі сындырып, жекеменшік нысанға материалдық шығын келтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұған ұқсас жағдай 30 қазан күні кешке болды. Жас жігіт біреудің көлігінің әйнегі мен айнасын сындырды.

Құқық бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері сот 270-ке жуық адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жазаланды. Олардың барлығы жауапқа тартылды.