Таразда екі әйелді өлтірді деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі CMN.kz-ке сілтеме жасап.
28 жастағы ер адам 54 және 46 жастағы екі әйелді өлтірді деген күдікке ілінді.
"Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер бұрын сотталмаған 28 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Сонымен қатар бұрын жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына жол бергені үшін жалға берілетін тұрғын үй иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Полицейлерге бұл пәтерге қатысты көршілерден ешқандай шағым түскен жоқ", - деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі Гүлсара Мұхтарқұлова.
Полиция тергеу құпиясын алға тартып, басқа мәліметтерді жарияламай отыр.