Русский Сайттың толық нұсқасы

Илон Маск Украинадағы соғыс жақын арада аяқталатынын болжады

  • AstanaTV
  • 09 қараша 2024
  • 218

Илон Маск Трамптың жоспарының арқасында Украинадағы соғыс жақын арада аяқталатынын болжады. Ол бұл туралы әлеуметтік желіде жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кәсіпкер Newsweek-тің жаңалығына пікір білдірді. Онда Трамп Ресей мен Украина арасындағы майдан шебінде 800 мильдік демилитаризацияланған аймақ құратыны, онда ұлыбританиялық және еуропалық әскер орналасатыны айтылады.

"Жақында мағынасыз кісі өлтіру аяқталады. Соғыс өртін тұтатушылар мен алыпсатарлардың уақыты бітті", - деп жазды Маск Х желісінде.

Америка Құрама Штаттарының билігі болашақта қақтығыс қайта басталмауы үшін Киевке қару-жарақ жеткізеді деп болжанып отыр.

Дональд Трамп NBC телеарнасына берген сұхбатында АҚШ президентін сайлауда жеңіске жеткеннен кейін Ресей президенті Владимир Путинмен әлі сөйлеспегенін айтқан болатын.