Русский Сайттың толық нұсқасы

"Екі жасында ұрлап кеткендер бай отбасыға сатып жіберген": 34 жылдан соң туған ата-анасын кездестірген ер адам ақша үшін олармен байланысын қайта үзді

  • AstanaTV
  • 09 қараша 2024
  • 216

37 жастағы қытайлық Юя Баобао өзінің туған отбасымен 34 жылдан соң қауышты. Алайда ақшаға байланысты барлық қарым-қатынасты үзуге мәжбүр болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "МИР 24" порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Юя Баобаоны екі жасында ұрлап елдің басқа аймағындағы ауқатты отбасына сатып жіберген. Алайда, жаңа отбасы оны құшақ жая қарсы алмады. Оны жиі ұрып-соғып, қорлайтын. 11 жасында бала басқа отбасына жіберілді. Алайда ол жерден де қашып әр жерде өмір сүрген.

Кәмелетке толғаннан кейін Баобао Пекин мен Шанхайда тұрып, курьер болып жұмыс істейді. Сонымен бірге ол өзінің шын отбасын іздеуді тоқтатпаған. 2023 жылдың қыркүйегінде Баобао ДНҚ арқылы іздестіру арқылы туыстарын тапты. 34 жылдан кейін ер адам ата-анасымен және ағаларымен қайта қауышты.

Бұл оқиға Баобаоны желіде танымал етіп ол ақшаны көбірек таба бастады. 

Отбасымен қауышқан кезде Баобаоның анасы мен әкесі ажырасып кеткен. Бірақ ата-анасының екеуі де оған екі ағасына материалдық жағынан көмектесуін талап еткен. Ер адам оларға интернеттегі сатудан түскен табысының 60% беріп отырған. Алайда, бұл ағайындыларға жеткіліксіз болып шықты. Олар Баобаоны қорлай бастады. Сонымен қатар отбасына қабылдау арқылы "оған жақсылық жасадық" деп мәлімдеген.

Анасы мен әкесі де Баобаоға қарсы ұлдарының жағында болған. Сондықтан бірнеше жанжалдан кейін Баобао туыстарымен қарым-қатынасты үзуге шешім қабылдағанын айтты. Ол отбасымен татуласу енді мүмкін емес екенін айтты.