Русский Сайттың толық нұсқасы

Тұмаудан емделемін деп күніне 4 литр су ішкен әйел өлім аузынан қалды

  • AstanaTV
  • 09 қараша 2024
  • 215

41 жастағы Нина Манро ЖРВИ-ден емдеу үшін күніне төрт литр су ішіп жансақтау бөліміне түсті. Айтуынша суық тигіздім деп дәрігерге қаралғанда оған көп су ішуге кеңес берілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Surrey LIVE басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

2024 жылдың жазында әйел аурудың алғашқы белгілерін сезген. Оның құлағы мен тамағы ауырып, жөтел пайда бола бастаған. Дәрігерлерге барғанда, олар көбірек су ішуге кеңес беріп, бірнеше дәрі жазып берген.

Алайда әйел емделу үшін дәрілермен қоса күнделікті төрт литр су ішіп жүрген. Нәтижесінде Манроның жағдайы нашарлады құсып, ұстамасы пайда болған.

Әйел жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Онда қанында натрийдің өлімге әкелетін төмен деңгейі анықталған. Дәрігерлер пациенттің өміріне қауіп төндіретін жағдай микоплазмалық инфекциядан және микроэлементтердің жетіспеушілігінен туындағанын жеткізді. Әйел көп мөлшерде су ішкендіктен барлық қажетті заттар шайылып кетіп отырған. Манро құнды заттардың деңгейі қалпына келгенше жансақтау бөлімінде бес күн жатты.

"Дәрігерлер менің мұндай жағдайдан қалай аман қалғаныма таң қалды. Реанимациядағы алғашқы бірнеше күнде мен ештеңе іше алмадым. Енді мен шөлдеген кезде ғана су ішемін. Күніне 1,5 литрден артық ішпеймін", - деді әйел.