Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда құрылыс алаңында жарақат алған екінші жұмысшы көз жұмды

  • AstanaTV
  • 09 қараша 2024
  • 239

Қарағандыда құрылыс нысанындағы лифт құлаған кезде жарақат алған жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Патриот» арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 29 қазанда Қарағандыдағы «Медина» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған. Екі жұмысшы мінген лифт шахтаға құлап кеткен. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі жансақтау бөлімінде бүгін қайтыс болды.

Екінші адамның қайтыс болуына байланысты полиция қылмыстық істі қайта саралап, «Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу» бабы бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетерлігі, лифт өндірушісі, жабдықтың құны және кабинаның құлау себептері туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Сондай-ақ, Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті де тергеуін бастады. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиғаның себептері мен жағдайлары қолданыстағы заңнама аясында анықталады.