Русский Сайттың толық нұсқасы

Екі айда 308 рет жол ережесін бұзған ақтөбелік жүргізуші ұсталды

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2024
  • 139

Екі айдың ішінде 308 рет жол ережесін бұзып, 11,5 миллион теңге айыппұл арқалаған ақтөбелік жүргізуші қолға түсті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол көліктің мемлекеттік нөмірі шетелдік болғандықтан, жазаланбайтынына сенімді болған, бірақ патрульдік полиция қызметкерлері оны тауып алған.

Айыппұл сомасы шамамен 11,5 миллион теңгені құрайды.

Көлік арнайы тұраққа қойылды.