Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында 17 жастағы қыздың денесі табылды

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2024
  • 307

Қордай ауданында 17 жастағы қыздың денесі табылып, сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, марқұм болған қыз 17 жаста болған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлері қажетті тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

«ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды», — делінген хабарламада.