Русский Сайттың толық нұсқасы

2025 жылдан бастап елімізде медициналық анықтама электронды нұсқада беріледі

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2024
  • 356

Қазақстанда 2025 жылдан бастап жеке медициналық құжаттарды беру, есепке алу және жүргізу электронды форматқа көшеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Денсаулық сақтау министрлігі бұл қазақстандықтардың қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді деп есептейді.

Министрліктің айтуынша, цифрлық форматқа көшіру денсаулық туралы анықтамалардың бұрмалануын жояды. Енді асхана мен, дәмханалар, мейрамхана, балабақшалар мен мектеп қызметкерлері медициналық тексеруден өткені туралы жалған мәліметтер бере алмайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 1,6 миллион қазақстандықтың жұмысқа қабылданғаны туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары бар, оның ішінде:

қоғамдық тамақтандыру саласында – 780 мың;

білім беру саласында – 550 мың;

денсаулық сақтау саласында – 272 мың;

жеке секторда – 52 мың.