Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында ломбард қызметкерінің мәйіті табылды

Алматы облысындағы Алмалыбақ ауылының маңындағы егістік алқаптан 51 жастағы ер адамның денесі зорлық-зомбылық белгілерімен табылды. Еске салсақ, марқұм 2 қараша күні із-түссіз жоғалып кеткен. Ол Алматыдағы ломбардтардың бірінде бағалаушы болып жұмыс істеген. Полиция департаменті адам өлтіру фактісі бойынша тергеуді бастады. Күдіктілер ұсталған.

ЕРНАР САЙДІЛДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 9 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық жағдайлары мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.