Русский Сайттың толық нұсқасы

Астананы қалың қар басты

Астананы қалың қар басты. Тоқтаусыз жауған ақ ұлпа салдарынан көшедегі қозғалыс қиындап, аяқ-алып жүру мүмкін емес.Тіпті, қала маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтады. Қазір комуналдық қызмет мекемелері толық күшейтілген режимге көшкен. 

ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Кешеден бері көше тазалап, қар күреп жатырмыз. Бірақ әлі таусылар емес. Біз тазаған жерде қайдан қар басып қалып жатыр. Енді амал жоқ. Демалмай жұмыс істеуге тура кеп тұр.

Тоқтаусыз жауған ақ ұлпа қаладағы қозғалысқа айтарлықтай кедергі келтіруде. Тұрғындар көше былай тұрсың, үйге кіріп шығар жолымыз әлі тазаланбаған дейді. Кейбіреулер "үлгермей жатқан болар" деп түсіністікпен қарауда.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Көшелер тазаланбаған, үйдің айналасы тазаланған жоқ. Балаларға қиындау.
- Мынау каша ғой каша. Но үлгере алмай жатқан шығар.
- Жердің миы шығып тазалық жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Сөздің тоқетері.

Қазір қаланың коммуналдық қызмет мекемелері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 1300 ден астам техника мен 2400 ге жуық жұмысшы қар тазалауға жұмылдырылған. Бір аптада елордадан 57 мың текше метр қар шығарылды.

ОЛЖАБЕК БЕЙСОВ, ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Техника жетіседі 100% қазіргі таңда. Екі ауысымдық режимге ауыстық. Комуналдық мекемелердің бәрі жұмыс істеп жатыр. Одан басқа тағы да қазір түнгілікке де адамдар санын көбейтуге барлығын қарастырып жатырмыз.

Елордаға қар түскелі өткен аптада 200-ден астам жол көлік оқиғасы тіркелген. Полицейлер жүргізушілерге барынша мұқият және сақ болуды, белгіленген жылдамдықты сақтап, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды ескертеді.

ЕРЖАН ӘДІЛБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖПҚБ БАСТЫҒЫ:

Қиылыстарға, жаяу жүргіншілер өткелдеріне және қоғамдық көлік аялдамасына жақындағанда жылдамдықты алдын ала азайтуды, сондай-ақ кенеттен маневр жасауды болдырмауды ұсынамыз.

Жаяу жүргіншілер де ерекше сақтықты талап етеді. Жолды өту кезінде барлық көліктердің толық тоқтағанына көз жеткізіңіз. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері еліміздің кей жерлеріңде 25 градус аяз болады. Ал Астанада тағы 1 апта бойы тоқтаусыз қар жауады. Бірақ бұған әкімдіктегілер алаңдап отқан жоқ. Бәрі жеткілікті дейді.