«Сарайшық - балалар мұрасы». Атырауда ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихы мен мұрасын насихаттауға арналған екі күндік сипозиум өтіп жатыр. Жоба көне қаланың құпиясын, тарихи деректер мен аңызын, архитектуралық құндылығын суретшілер көзімен болашаққа мұра етуді көздейді. Шара аясында бұған дейін жас суретшілерге есімі аңызға алған қылқалам шеберлері шеберлік сабағын өткізген. Тіпті 50 шақты суретші көне қаланың орнына барып, табиғат аясында картиналар салды. Сол картиналар бойынша каталог дайындалды, ертең көрменің ашылуы болады. Осы шараларды қорытындылай келе, Сарайшық мәдени мұрасын сақтап қалудың іс-қимыл стратегиясын ұсынамыз.- дейді ұйымдастырушылар.
АЙСА ОТАРӘЛИЕВ, СУРЕТШІ:
Өзіме осы Жайықтың жағасы, арғы жонында Сарайшық елді-мекені, бер жағында архитектуралық қазбалар орыны солардың бәрін ойымша топшылап алдым да кенеп бетіне түсірдім. Арнайы композиция құрдым.
ЛАРИСА АЛДАБЕРГЕН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Мақсатын айтатын болсам, бұл жерде стратегиялық ұсыныс берілу керек. Болашақта Сарайшық қаласын біз қалай дамытамыз, жастардың көзімен, суретшілердің көзімен сурет өнерімен қалай танытамыз деген мақсатта.