Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында ұлына арнап әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың Шымкенттегі ән кеші туралы айтып өтті.
«Бүгін Шымқаламда ұлым Қайрат Нұртастың қатысуымен ән кеші бәріңізге ұнаған сияқты. Ең үлкен бақыттың бірі, рухани байлық халықтың қошеметі мен махаббаты!
Бұл көрініске еш уақытта көзім тоймайтын шығар. Алланың берген бағымен ешкімнің таласы болмасын дегендей, осы бақты көтеріп жүру парыз. Аналық жүрегіммен айтар алғысым шексіз және ризамын!» - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Айта кетейік, осыған дейін әншінің анасы алаяқтарға алданып, пәтерімнен айырылдым деген келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты пікір білдірген болатын.