Ақтөбеде алименттен жалтарғандарға қатысты қылмыстық істер заңсыз тоқтатылған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақпаратқа сәйкес, полиция органдары алимент төлеуден жалтару деректері бойынша 13 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді өндірістен тоқтатқан. Прокуратура 10 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы заңсыз шешімдердің күшін жойып, қосымша тергеп-тексеруге жолдады.
Істерді қайта бастауға полиция органдарының қылмыстық қудалауды негізсіз тоқтату туралы шешімдері негіз болды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы 5 қылмыстық іс бойынша қылмыстық қудалау органымен борышкерлер анықталмаған, бірақ, соған қарамастан қылмыстық істер қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған. Қалған 5 сотқа дейінгі істер бойынша алимент төлеушілер анықталып, алайда әкімшілік шаралар қабылданбай, алимент өндірілмеген, – делінген прокуратура хабарламасында.
Прокуратура алимент бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертті.