Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында тұрғындар екі тонна бауырсақ пісіріп, рекорд жаңартты

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2024
  • 282

Бұл - Қостанай облысының Қамысты ауданында тұрғындардың екі тоннадан астам бауырсақ пісіріп жатқан сәті. «Бауырсақ Фест » шарасына 60-қа жуық мекеменің қызметкерлері де қатысты. Фестивальде ас атасы нанның алуан түрі дайындалды. Сондықтан әр аспаз білгенін ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Қуандық Құдайбергенов – Қазақстан гиннес рекордтар кітабының ресми өкілі:

Әлемдік рекордты тіркеу үшін Қостанай облысына Астанадан арнайы келдік. Бұған дейінгі бауырсақ рекорды екі тонна 47 келі болан. Ал қамыстылықтар екі тонна жүз келілік межеге жетеміз деп айтты. Байқағанымыздай, мұнда екі тонна үш жүз килограмға жақын. Сондықтан рекорд жаңарды. Бұл тек Қамысты, Қостанайдың ғана емес, тұтас Қазақстанның мақтанышы. Себебі бұл әлемдік рекорд.