Русский Сайттың толық нұсқасы

Сәтбаев қаласындағы Жезқазған кенті таратылады

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2024
  • 230

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласындағы Жезқазған кенті таратылады. Ресми құжат ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды.

«Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Ұлытау облысының әкімдігі қаулы етеді және Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Жезқазған кенті Сәтбаев қаласының әкімшілік-аумақтық бағынысына енгізіліп, кейіннен есептік деректерден алып тастай отырып, Жезқазған кенті таратылсын»,- делінген ресми құжатта.

Кент Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 шақырым, Сәтбаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 5 шақырым жерде орналасқан. Іргесі дүние жүзіндегі аса ірі Жезқазған мыс кенін игеруге байланысты 1907 жылы қаланған. 1937 жылдан кент саналып келді.