Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда «Құқықтық көмек» жобасы бойынша кеңес алушылар саны еселеп артқан

Атырауда «Құқықтық көмек» жобасы бойынша кеңес алушылар саны еселеп артқан. Мәселен, былтыр жоба алғаш іске қосылған жылы облыс орталығында 18 қабылдау өткізілген. Биыл қаламен бірге шалғай ауылдарда 56 қабылдау ұйымдастырылды. Тұрғындардан 230 өтініш түсіп, оның тең жартысының мәселесі оң шешімін тапқан. Құқықтық кеңесті тәжірибелі заңгерлер мен адвокаттар береді. Ол үшін партия Заңгерлер Одағының жергілікті филиалымен, Адвокаттар алқасымен, Медиация орталығымен ынтымақтастық меморандумға қол қойған. Нәтижесінде облыс орталығымен бірге ауыл халқы құқықтық көмекті тегін алып отыр. Әсіресе, алимент ала алмай жүргендер, сот орындаушылардың әрекетіне шағымданатындар, мүліктік, мұралық, тұрғын үй мәселелері, жұмыстан қысқару бойынша жәрдемақы қатысты сұрақтар көп келеді,- дейді аманаттықтар. Кездесу барасында тұрғынның шағымы жан-жақты тыңдалып, тиісті мамандармен байланысып, толықтай шешілу барысына дейін қадағалауға алынатын айтады. 

АҚТОЛҚЫН АХМЕТЖАНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АОФ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

«Құқықтық көмек» жобасының азаматтардың сұраныса ие болудың бір себебі - өздеріңіз білесіздер, кез-келген заңгерге бір кеңес алуға кірсеңіз, ол ақылы. Ал біздің «AMANAT» партиясына жүгінетін азаматтардың дені аз қамтылған отбасылардан , көп балалы отбасылардан, болмаса, тәрбиесінде ерекше балалары бар ата-аналар болып келеді. Сондықтан олардың кейде мүмкіндіктері де болмай жатады. Сондықтан тегін «Құқықтық көмек» кеңесін алуға азаматтар көп жүгініп отыр.