Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Араб мемлекеттері лигасы және Ислам ынтымақтастық ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысты

Қазақстан Араб мемлекеттері лигасы және Ислам ынтымақтастық ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысты. Іс-шара барысында мүше мемлекеттердің өкілдері геосаяси ахуалды, ислам әлемі алдында тұрған сын-қатерлер мен қауіптерді, соның ішінде Таяу Шығыстағы ағымдағы оқиғаларды талқылады. Жиында сөз алған Мұрат Нұртілеу Ислам ынтымақтастық ұйымының өңірдегі мұсылман үмбетінің елдерінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, Ислам ынтымақтастық ұйымы мен Араб мемлекеттері лигасы мүшелерін ағымдағы қақтығыстарды тез арада реттеу бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуге шақырды. 

МҰРАТ НҰРТІЛЕУ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Қазақстан атысты дереу тоқтатып, палестиналықтарға өмірлік маңызы бар көмекті кедергісіз жеткізуді қамтамасыз етуге шақыратын бауырлас елдердің үндеуіне қосылады. Астана өңірлік және жаһандық деңгейде тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін барлық күш-жігерге өз үлесін қосуға дайын.