Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 1939 пәтер сатып алынды. Сондай-ақ 889 жаңа баспана салынды. Бұл туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз-мәслихатында хабарлады.
Аймақта «Ауыл аманаты» бағдарлама аясында соңғы 2 жылда 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Соның арқасында елдімекендерде 1 жарым мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылды.
НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Бүгінде 195 отбасына тауарлық несие ретінде 247 бас мүйізді ірі қара, 474 бас ұсақ мал және 64 бас жылқы берілді. Жұмыстар одан әрі қарай жалғасуда. Ағымдағы жылы еліміздің ең ірі кәсіпорны «Қарашығанақ» мұнай-газ компаниясымен меморандумға қол қойылып, бағдарлама аясында кәсіп ашқан тұрғындардың өнімдерін зәкірлік кооперация арқылы КПО компаниясының тікелей сату жұмыстары ұйымдастырылды.
Биыл су тасқыны кезінде өңірдегі 2 мыңға жуық тұрғын үй мен 15 мың саяжай учаскесін су басты. Тасқынның салдарын жою мақсатында он мыңдағын отбасыға материалдық, әлеуметтік көмек берілді.
НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Су шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Саратов жағынан келетін Шаған өзені, бізге сол жақтан келеді. Яғни, соған байланысты біз үлкен су қоймасын салу жоспарлап жатырмыз. Қазір қала маңын бекітіп жатырмыз. Биылғы су тасқынынан біз сабақ алдық. Сондықтан осыған үлкен көңіл аударып жатырмыз.
Аймақ басшысының айтуынша, биылғы апат алдағы уақытта қайталанбас үшін қазірдің өзінде біраз жұмыстар атқарылған. 30 ауылда қосымша су бөгеттері салынып, құрылыс жыл соңына дейін аяқталады, дейді облыс әкімі.