Қызылжар өңірінде “Таза Қазақстан” жобасы басталғалы 300 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Акцияға 10 мыңға жуық адам қатысқан. Олардың дені -депутаттар, ардагерлер, бастауыш партия мүшелері мен еріктілер. Саябақтар мен ескерткіштердің айналасы тазартылған. "AMANAT" партиясының "Таза бейсенбі" акциясы да белсенді жүргізілуде. Жарты жылдың ішінде 265 тазалық шарасы өткен.
БОЛАТ ДАНИЯРОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ СҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біздің азаматтарымыздың арасында экомәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға, оған дұрыстап қарауға, тұрып жатқан жеріңді таза ұстауға бағытталған шара. Бұл барлығына пайдалы деп есептейміз. Сондықтан біз тоқтамаймыз.