Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордадағы мектептердің бірінде оқушыларға қысым жасалған

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2024
  • 157

"Құжаттарыңды алып, кетіңдер!". Елордадағы мектептердің бірінде оқушыларға қысым жасалған. Болмашы нәрсеге бола, қоқан-лоққы көрсетіп, балаларымызға күн көрсетпей жатыр, - деген бір топ ата-ана шағымданды. Ал мектеп басшылығы бұған не дейді? Әріптесім жағдайдың мән-жайын баяндайды. 

"Мектеп намысын қорғайтын, тепсе, темір үзетін ұлдарымыз далада қалайын деп жатыр". Осылай деген ата-аналар дабыл қағуда. Оқуы озат болмаса да, алып бара жатқан екілік жоқ, арасында бестіктері де бар. Айтуынша, балаларды мектепке келмейді, тәртібі нашар, - деп, құжаттарды алып кетуді талап еткен.

ӘЙГЕРІМ АЙМАҒАНБЕТОВА, АТА-АНА:

Құжаттарыңды алып кетіңдер! Кетіңдер, болды! Басқа ештеңе айтпады. Шақырды. Кейбір ата-аналар келді. Менің баламның әкесі барды. Сол кезде де кетіңдер деді. Балалар мүлдем тыңдамайды, шаршатып бітті, әбден мезі қылды, - деді. Ата-аналар басқа мектептерге барды. 20 мектепке барды. Орындар жоқ Қайда барамыз енді?

Нина Петунинаның ұлы- таэквондодан ел чемпионы. Осыған дейін мектептен тек алғыс хат алдық дейді. Ал, енді баламды апарар жер жоқ. Жалынбай-ақ, алып кетейін десем, ешқай мектеп қабылдамады, - деп өкпе-налын жеткізді.

НИНА ПЕТУНИНА, АТА-АНА:

Олар бүкіл сыныпқа шүйлігіп отыр. Бірақ, ішінен біздің балаларымызды ғана іріктеп, қуып жіберейін деп жатыр. Ішінен 4-ақ баланы қалдырып, өзге сыныпқа ауыстырамыз дейді. Бұл жерде бар болғаны екі 10-ы сынып бар.

Мектеп директоры Алмас Қиянов бұл сыныптағы кейбір оқушылардың тәртіптері өте нашар екенін айтады. Өздері тыныш отырып, сабақ оқымағанымен қоймай, өзгелерге де мүмкіндік бермейтінін алға тартуда.

АЛМАС КИЯНОВ, №25 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Біз жаңа оқу жылынан бастап осы сыныппен айналыстық. Олар сабаққа келмейді. Келсе де, кешігіп келеді. Сабақ үстінде ұстаздардың сабақтарын өткізбеу үшін әрекет жасайды. Осы сыныпта 1-2 жақсы оқитын балалар сабақ үстінде жауап берейін десе, оларға кедергі жасайды. Негізі осы сыныптың кейбір балалары өте тәртіпті еді. Жас сарбазда болып, менің көзімше барлық жарыстарға қатысып еді. Биыл бұл балаларға не болғанын білмеймін. Бұл балалар оқыс мінез көрсетіп жүр.

Дегенмен, балаларды мектептен қуатын ниетіміз жоқ, дейді оқу ордасының басшысы. Оқушылардың түзелетініне үмітті. Алайда, жағдай жалғаса берсе, заңды түрде жазалауға тура келетінін жеткізді.