Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ақшасы жоқтың өмірі — қиын»: Танымал тележүргізуші қатерлі ісікке шалдыққандардың мәселесін көтерді

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2024
  • 147

Дина Төлепберген анасының денсаулығын тексерту кезінде күтпеген қолайсыздықтарға тап болған, деп жазды turkystan.kz.

«Тағдырдың ба, әлде мына жүйенің бе… білмеймін. Бірақ өмірде ақшасы жоқтың өмірі тым ауыр екенін сезіндім. Бүгін басымнан өткен оқиғаны жазып отырмын. Анам — дәрігер. 30 жыл бойы жедел жәрдемнің жаны болды, өмір мен өлім ортасында сан рет адамға қол созды. Енді, тағдыр оны сынаққа алып келгендей, қасіреттің алдында шарасыз отыр. Бір апта бұрын дәрігерлер анама жаман ауруға күдік бар деді. Онкологиялық орталыққа жолдады. Барсақ, кезегіміз тек бір айдан кейін деді. Аурудың алдында күндер емес, тіпті әрбір секундтың маңызы барда, бізге бір ай күту мүмкін бе? Жоқ, біз шыдамай, қолдан келгеннің бәрін жасап, дәрігерге кезексіз кірдік. Бірақ қабылдап тұрған дәрігер тек қағаздарға қарап, “онкология расталмаған, гистологияны біз жасамаймыз” деп емханаға қайтарды. Емхана енді қайда жіберерін білмейді. Айналдырған екі ауруханаға кезек-кезек есік қақтық. БСНП /ГЦРЧ. Екеуі де ота жасауға ақылымыз да, техникамыз да жетпейді дейді. Анамның көзі жасқа толды, бірақ ол дәрігер ғой, бәрін түсінеді, бәрін сезеді. Алайда сол түсінік пен білімі оның жан жарасын жеңілдетпеді. Қарапайым адамға жүйе деген — қайрағы жетпейтін тас қамал екен ғой» — деп жазды

Ақырында автор жекеменшік емханаға барғанын айтқан.

«Бізде мүмкіндік бар, ал ондай мүмкіндігі жоқтар қайда барады? Олар үшін де жауап бар ма? Үкімет, денсаулық сақтау министрлігі, депутаттар! Қатерлі дертке қарсы тұру үшін өзгерістер қажет! Қарапайым халықтың шырқын бұзбай, жүйені әділетті етіңіздер. Ауырған жанның тағдырын кешеуілдетпеу үшін протоколдарды өзгертіңіздерші. Бізді адастырмаңыздаршы — деді