Русский Сайттың толық нұсқасы

Бақытжан Сағынтаев Әзірбайжан банкіне салынған ақшаны қайтарумен айналысатын өзінің арнайы өкілдерін тағайындады

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2017
  • 2579

Банкротқа ұшыраған Әзірбайжан халықаралық банкіне салынған бірыңғай зейнетақы қорының 250 млн долларын қайтару үшін, премьер-министр арнайы өкілдер тағайындады. Бұл туралы Үкімет отырысында белгілі болды. Салымшылар ақшасын қайтара алмай жатқанда, тағы бір шу шықты. "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы ретінде миллиондар төленгені рас па? Үкімет отырысынан Айгүл Әдепбай.

Күн тәртібінде болмаса да, қоғамды елең еткізіп отырған проблеманы Үкімет бүгін ғана көтерді жиынында. Сұрақты шешу үшін премьер-министр өзінің арнайы өкілдерін тағайындаған.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Мен өз тарапымнан әзірбайжандық әріптесім, премьер-министрмен сөйлестім. Ол қарызды қайтару бойынша жан-жақты көмек беретінін айтып сендірді.

Бақытжан Сағынтаев ақша қайтару мәселесін бақылауда ұстауды Қаржы министріне тапсырған.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Үш вариант. 1-2 вариант банк облигацияларын мемлекеттің облигацияларына ауыстыру. Бірақ бірінші вариантта 20 пайызға негізгі сомасын қысқарту. Мерзімін создыру, бірінші вариантта 12 жылға дейін, екінші вариантта 15 жылға дейін. Үшінші вариант - өзінің жаңадан 7 жылдың жаңа облигацияларын шығару.

Дегенмен, Бақыт Сұлтанов осы күнге дейін шетелдік банкке салынған ақша зейнетақы қорына 15 млрд теңге сыйақы әкелгенін айтты.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Держите на контроле, информируйте нас постоянно.

Әзірбайжан банкіне салынған теңгелерді қайтара алмай жатқанда, «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесіне миллиондап сыйықы берді деп, басы дауға қалды. Ақпарат құралдары директорлар кеңесінің әрбір мүшесіне 90 млн теңге сыйақы тағайындалғанын жарыса жазды. Олардың ішінде премьер-министр мен бірнеше министрдің аты жүр. Алайда, қор төрағасы миллиондық сыйықыларды жоққа шығарды.

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» басқарма төрағасы:

Там много признаков клеветы. Ни премьер-министр, ни министры никаких бонусов не получают от Самрука. - Қайдан шықты сонда? - Я откуда знаю, қайдан шықты? Кто-то неграмотно. Я поручу сейчас юристам посмотреть.

Үкімет қабырғасында белгілі болған тағы бір жайт. ОПЕК мұнай өндірісін азайту бойынша Қазақстанмен жеңілдетілген келісім жасаған. Яғни, өндірісті қысқартсақ та, оның Қашағанға қатысы болмайды. Мұны біздің арнаға берген эксклюзивті сұхбатында министрдің өзі айтты.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Өз әріптестеріме, біріншіден, Сауд Арабиясы энергетика министріне бір мәселе айттым және Ресей министріне айттым. Сентябрь айынан бастап бізде мұнай өндіру деңгейі өсуі мүмкін. Өйткені бізде Қашаған бар. Біз келістік. Бірақ Қашаған өссе, онда біз өзгертеміз, міндетімізді өзгертеміз.

Естеріңізге сала кетсек, мамырдың 24-25 Венада өткен ОПЕК кездесуінде мұнай алпауыттары өндірісті шектеу келісімін тағы 9 айға ұзартуға уағдаласты. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ