Русский Сайттың толық нұсқасы

ЕХРО көрмесі қарсаңында замануи мобильді бөлімдер қызмет етеді

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2017
  • 3041

ЕХРО көрмесі қарсаңында елордалық полицейлер қауіпсіздікті заманауи техникалармен күзететін болды. Қолданысқа берілген жаңа автобустар «жылжымалы полиция бөлімі» деп аталады. Оның ішінде полицейлермен қатар ағылшынша білетін еріктілер де жүреді. Автобус ішінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тіркеуіне қатынау, бояу қолданбастан саусақ іздерін алу сынды бірнеше операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Автобустың ішкі және сыртқы бөлігі толықтай бейнебақылаумен жабдықталған. Тәртіп бұзғандарды қамайтын орындар да бар. Бұл қылмыстың бетін дереу арада ашуға жол ашады, - дейді мамандар.

Әлібек Қожахметов, Астана Қаласы Есіл аудандық ІІБ басшысы:

3 машина бар бізде осындай. Халыққа қызмет ету үшін. Мысалға, қылмыс болған оқиғамен бізге хабарласса, полиция бөліміне бармай-ақ, оқиға орнында келіп арыздануға болады. 

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ