Қала мен ауыл мектебінің арасындағы алшақтықты болдырмау керек. Осындай ұстанымға негізделген “Baquatty Audan” жобасы Целиноград ауданына қарасты елдімекендерде бастау алды. Игі шара “AMANAT” партиясының бастамасымен жүзеге асуда. Пилоттық жоба біліммен қатар денсаулық және инклюзия бағыттарын да қамтиды.
ЕЛДОС НҰРЛАН, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Жекеменшік қорлардың, яғни ESEN және ANSA, жаңағы қорлардың бастамасымен және олардың өздерінің жаңағы әкімшілік етуімен жүзеге асырылып отыр, ол маңызды. Нақты мектептер алынып отыр, нақты педагогикалық ұжымдар алынып отыр. Яғни оның мақсатқа жетуінде әжептәуір жаңағы әлеуеті де бар.
Жобаға ауыл мектептерінен 30 директор мен олардың 60 орынбасары қатысып, кәсібилік және басқарушылық дағдыларын жетілдіруде. Оған қоса “Ауылдық педагогикалық академия” жобасы аясында қауымдастық құрылып, 48 мектептен 1000 педагог өзара тәжірибе алмасады. Сонымен қатар биыл 1000, ал 2026 жылға қарай 20 мың оқушы түрлі бағытта қосымша білім алады.
КАМИЛА БАШАРОВА, ESEN FOUNDATION БІЛІМ БЕРУ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Целиноград ауданы осы жобаның пилоты ретінде белгіленген. Нәтижесі жоғары болып жатса облысқа, бүкіл облысқа және жалпы одан ары қарай Қазақстанның 166 ауылдық-аудандарына таратуға негізі жоспарлануда. Біздің жобаның негізгі мақсаты бар мүмкіндікті, қазіргі заманауи мүмкіндіктерді ауылға алып келу.