Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандылық «Шахтер» клубының басшылығы ауысты

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2017
  • 2602

Қарағандыда «Шахтер» футбол клубының басшылығы ауысты. Атқарушы директоры қызметіне Олжас Абраев, ал спорт директоры ретінде Мұрат Тілешов тағайындалды. Ал бұрын осы қызметтерде болған Асқар Әбілдаев пен Игорь Солошенко маусымдық ойын қорытындысының нашарлығынан отставкаға кеткен. Бұл туралы «Астана» телеарнасына Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Наталья Сухорукова мәлімдеді.

Наталья Сухорукова, Қарағанды, облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы:

Спортта ең бастысы - нәтиже. Нәтиже көп нәрсені аңғартады. Өкінішке орай, бұл айда нәтиже нашар болды. Сондықтан клуб басшылығы отставкаға кету туралы шешімге келді. Бүгінде клуб саясатын өзгерту сұрақтары қаралып жатыр.

Бүгінде клубтың отствакаға кеткен бұрынғы бас жаттықтырушысы Алексей Еременконың орны ғана бос тұр. Ресми мәліметке сүйенсек, клуб Қазақстан премьер-лигасында ең төменгі орынды иеленген. Маусым басталғалы футболшылар 13 рет ойын өткізіп, оның екеуінде ғана жеңіске жеткен. Үш ойынды ғана тепе-тең аяқтап, 8 рет қарсылыстарынан ұтылған. Қарағанды облысының басшылығы кадрлық өзгерістер «Шахтер» клубының нәтижесін жақсартады деген үмітте.