Алға ауданындағы Көсем бөгетінде балық қырылды. Экологтар судан сынама алды, - деп жазды KAZINFORM.
Ақтөбе облысы Алға ауданында балық қырылып, оқиға орнына осы салаға жауапты мекеме мамандары түгел барды.
- Ветеринария қызметінің мамандары барып, балықтан сынама алды. Әзірге себебі белгісіз. Біз де барып қарадық. Бұл жер балық шаруашылығында маңызы бар су айдындарының тізімінде жоқ. Көсем бөгеті деп тұрғындар атап кеткен. Есет батыр ауылына жақын маңда орналасқан. Дерек 12 қараша күні тіркеліп, 13 қарашада мамандар сол жерге барды,- деді Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Береке Тоғаев.
Ақтөбе облыстық экология департменті басшысының орынбасары Талап Ұснадиннің хабарлауынша, бөгеттегі судан сынама алынды. Әзірге оның нәтижесі шықпады.