2024 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болуы мүмкін. Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы әлем халқына осындай ескерту жасады, деп хабарлайды 24kz.
Оның айтуынша, Жер бетінде жиілей түскен табиғи апаттар бүгінде әдеттегі құбылысқа айналған. Мәселен, биыл жаһан жұрты бұрын-соңды болмаған жаңбыр, дауыл, өрт пен құрғақшылықтың куәсі болды.
Осы ретте БҰҰ өкілдері климаттың өзгеруімен күрес саясаты дәл осылай жалғаса берсе, ғасыр соңында ғаламдық орташа температура 3 градусқа жоғарылауы мүмкін екенін айтады.
Бұл Париж келісімінде белгіленген 1,5 градустық межеден екі есе көп. БҰҰ дерегі бойынша қазірдің өзінде әлемдегі орташа температура өнеркәсіпке дейінгі деңгейден шамамен 1,3 градусқа жоғары.