Русский Сайттың толық нұсқасы

Жапон ханшайымы Юрико 101 жасында қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2024
  • 90

Ханшайым Юрико – Жапония императорының немере әжесі. Ол император отбасының ең үлкен мүшесі болды, деп жазады Kyodo news.

– Ханшайым Юрико жұма күні таңертең Токио ауруханасында қайтыс болды, деп хабарлады Императордың үй шаруашылығы агенттігі.

101 жасында көз жұмған Жапон ханшайымының қазасына премьер-министр Сигэру Исиба да қайғыра көңіл айтты.  

– Мен ханшайым қазасы туралы естігенде қайғырмай тұра алмадым. Барша жапон азаматтарымен бірге шын жүректен көңіл айтамын, - деп жазылған мәлімдемеде.

Ханшайым Юрико наурыз айында жеңіл инсульт пен аспирациялық пневмонитпен ауруханаға жатқызылып, емделіп жатқан еді. Бірақ осы айдың басында медициналық тексерулер жүрек пен бүйрек қызметінің нашарлағанын көрсетті. 

Бұрынғы жапон ақсүйектерінің өкілі 1941 жылы Гакусюин қыздар академиясын бітіргеннен кейін 18 жасында император Хирохитоның інісі, қайтыс болғаннан кейін император Сева деген атпен белгілі ханзада Микасуға тұрмысқа шықты. Оның күйеуі 2016 жылы 100 жасында көз жұмды.

Ерлі-зайыптылардың үш ұл, екі қызы болды. Олардың ұлдары Томохито, Кацура және Такамадо ханзадалары сәйкесінше 2012, 2014 және 2002 жылдары қайтыс болды. Үш немересі император отбасында қалды. Қалған екеуі - ханзада Такамадоның қыздары Норико мен Аяко 2014 және 2018 жылдары қарапайым адамдарға тұрмысқа шығып, императорлық титулдарынан бас тартты.

Юрико ханшайым Жапон Қызыл Крест қоғамының құрметті вице-президенті болды және бұған дейін 1948 жылдан 2010 жылға дейін ана мен бала денсаулығы мәселелерімен айналысатын Боси-Айику-Кай Император қорының президенті қызметін атқарған.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.