Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты

Шымкентте техникалық қызмет көрсету станциясы өртенді. Салдарынан бір адамды күйік шалып, үш автокөлік отқа оранды. Бұдан бөлек 3 мотоцикл жанып кетті. Өрттің жалпы аумағы 70 шаршы метр.Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, өртті өздігінен сөндіруге тырысқан 2007 жылы туған жас жігіттің қолын күйіп қалған. Ол медициналық көмекке жүгінді. Қазіргі таңда жағдайы жақсы. Жарақаты жеңіл- дейді мамандар. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

АСҚАР ШӘРІП ҚАЛАЛЫҚ, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт орын алған ғимараттан жалпы сиымдылығы 50 литр болатын газ баллон қауіпсіз аймаққа эвокуацияланды. Департамент тарапынан жалпы өртті сөндіруге жалпы саны 36 жеке құрам және 7 бірлік техника , сонымен қатар апарттар медицна орталығының 1 бригадасы жұмылдырылды.