Алматыда Әуезов ауданында қолайсыз ауа райының кесірінен тұрақта тұрған көліктердің үстіне ағаш құлады. Көп қабатты тұрғын үй ауласындағы үлкен ағаш қымбат маркалы 3 жеңіл көлікке зақым келтірген. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті ағаш құлаған жерді 109 қызметінің құтқарушылары дер кезінде тазартты деп хабарлады.
ЗӘУРЕ ҚАЛПЕНОВА, ӘУЕЗОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ КӨРІКТЕНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Автокөліктерге келтірілген шығынды өтеу үшін көлік иелеріне сот органдарына жүгіну ұсынылады. Сот кінәлі тұлғаларды анықтап, жауапкершілікті тағайындайды. Егер сот шешімі зардап шеккен тараптың пайдасына шықса, мемлекеттік органдар туындаған шығынды қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтеуге міндетті. Сот шешімімен келіспеген жағдайда жоғары инстанцияларға шағымдануға болады.