Павлодарда жол апатынан 1 айлық сәби көз жұмды. Тағы үш адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Қайғылы оқиға Ақсу өңіріндегі Ребров ауылының маңындағы “Атамекен – Русская Поляна” автожолында болған.
“LADA Granta және BMW маркалы көліктердің соқтығысуы салдарынан 2024 жылы туған қыз бала қаза тапты. 1996 жылы туған әйел мен 1996 және 1998 жылдары туған екі ер адам Павлодар №1 қалалық ауруханасына жеткізілді”, – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.