Русский Сайттың толық нұсқасы

Көктайғақ, бұрқасын: 17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2024
  • 90

"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 17 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Синоптиктердің болжамы бойынша, Атырау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының батысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге, күндіз күші 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.

Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.