Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында полицей әріптесінің арқасынан атып жіберген

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2024
  • 148

Жамбыл облысында полицей әріптесін жұмыс барысында атып жіберген. Жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің полиция департаментінің өкілдері бұл дерекке қатысты ресми пікір білдірді. 

"16 қарашада қызметтік көлікпен аймақты патрульдеу кезінде бір офицер қаруды қолына алған кезде абайсызда екіншісінің арқасынан атып алған", - делінген хабарламада. 

Аса ауыр зардаптарға әкеп соққан абайсыздық ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Жәбірленуші Қордайдағы аудандық ауруханаға жеткізілді", - дейді ведомство өкілдері. 

Полиция қызметкерлері бұл іс бойынша қызметтік тексеріс жүргізіп, істің мән-жайын анықтап жатыр.