Шығыс Қазақстан облысында биыл өрт қаупі жоғары маусымда 13 орман өрті мен 30 дала жануы тіркелді. Орман өрттері 1,1 гектар аумақты, ал дала өрттері 228 гектар жерді қамтыды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Нұржан Өміржановтың айтуынша, өрттердің негізгі себептері:
найзағай соққысы – 11 жағдай;
әйнек арқылы күн сәулесінің сынуы – 1 жағдай;
тұрғындардың отқа ұқыпсыз қарауы – 1 жағдай.
Өрттердің алдын алу және бақылау үшін облыста 52 мобильді топ құрылған. Бұл топтарға азаматтық қорғаныс күштері, жергілікті полиция қызметі, орман шаруашылық мекемелері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері кірді.
Орман аумақтарын бақылау және өртке жедел әрекет ету үшін дрондар мен тікұшақтар қолданылды. Бұл құралдар өрттің алдын алуда тиімділігін көрсетті.