Ертіс өзенінде 64 жастағы ер адам өзен вокзалы ауданында шаңғы тебу кезінде мұз астына құлаған. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлайды.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам судан өзі шықан. Оқиға орнына ТЖД жедел-құтқару жасағы мен 102, 103 қызметтері келді. Қарияға жедел медициналық көмек көрсетілді.
Ер адамға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша 12 922 теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп атап өтті департаментте.