Оңтүстікте жалақы алмаған жұмысшылар мәселесі «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің араласуымен оң шешілді. Леңгір қаласында көпқабатты үй құрылысын жүргізіп жатқан қырыққа тарта адам үш айдың еңбекақысын уақытылы ала алмаған. Желтоқсанда келісім шарт жасалынып, жұмысшылар уәделі істі атқарып шыққанымен маңдай терінің ақысына қол жеткізе алмапты. Мұнан соң олар шарасыздықтан «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалына арызданған.
Айдарбек Баймұрзаев:
«Нұр Отан» партиясы шын мәнінде халықтың партиясы екенін білдіріп, біздің жағдайымызды түсініп, осы тірлікке араласып, біздің мәселемізді шешіп берді, айлықтарымызды алып берді, 36 отбасының айлығын алып берді.
Қоғамдық қабылдау бөліміне жыл басынан сексенге жуық азаматтан өтініш түскен. Тең жартысы партияның араласуымен шешімін тапты. Олардың дені жұмысқа орналасу мен жәрдемақы мәселелеріне қатысты.