Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен Көсем бөгетін тағы су шайып кетті

Ақтөбенің Алға ауданында Көсем бөгетін тағы су шайып кетті. Күрделі жөңдеуден өткен бөгет былтыр да көп суға шыдас бермеген еді. Бұл жолы жаңбыр суы шайып кетіп, балық қырылды. 

Бөгетте күрделі жөндеу жұмыстары былтыр аяқталды. Бұл мақсатқа қазынадан 250 миллион теңге бөлінген. Бірақ көктемгі су тасқыны кезінде бөгет екі жерден бұзылып, жақын маңдағы Есет батыр ауылына үлкен қауіп төнді. Бүгінгі күні мердігер мекеме бөгетті қалпына келтіру жұмыстарына кіріскен. Алайда тағы су шайып кетті. Бірақ әкімдіктегілер бөгетті емес, жолды су шайды деп отыр. 

БЕКБОЛАТ НҰРАШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР БАСҚАРМАСЫ СУ РЕСУРСТАР БӨЛІМІНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Бұл жерде мердігер мекеме уақытша жол салған болатын өзіңе яғни бірінші участоктағы жұмыстарды жүргізу үшін топырақтан жол салған болатын бөгет тің жанынан сол кешегі 3-4 жауында суждан уақытша салынған жолы бұзылып жатыр. Бүгінде қазір жұмыстар басталып жұмыстары жүргізіліп жатыр бірінші участогінде бетондық жұмыстар қазір аяқталып қалды. Осы жұмыстарды әрі қарай жалғастырып жатыр. Егер баяу жүргізетін болса біз сотқа береміз деп талаптар қойып отырмыз.