Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салынады

Ақтөбеде ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салынады. Әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елге қайтарылған активтердің есебінен бой көтермек. Үкімет арнайы балабақша салуға 7,8 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Онда 300 ерекше бала тәрбиеленіп, түзету көмегін алады. Қазіргі таңда облыста ерекше білім беруді қажет ететін 3 жастан 6 жасқа дейінгі 2523-тен астам бала бар. Олардың 1320-сы мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Қазір аймақта 4 арнайы түзету балабақшасы жұмыс істейді.