Русский Сайттың толық нұсқасы

"Тірліктің бәрі рәсуа болды", - депутат

"Тірліктің бәрі рәсуа болды". Депутат Жигули Дайрабаев қызылша өсіретін шаруалардың мұңын айтты. Қазақстанға жылына 550 мың тонна қант қажет. Ал бізде әрі кетсе оның 120 мың тоннасы ғана бар. Өйткені өндіретін зауыт аз. Бар болғаны 3 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл кеше ғана пайда болған мәселе емес. 12 жылдан бері жыры таусылар емес. Проблемаға бей-жай қарай алмаған депутаттар келер жылы 3-4 өндіріс орнын қалпына келтіруді ұсынды.

ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Қызылшаның жағдайы не болады? Осы мәселе он екі жыл болды жыр болып келе жатыр. Шаруа адамы ретінде қызылша өсіргендердің ешқайсысының да кінәсі жоқ қой. Биыл өте мықты өнім болды. Қазақшасын айтқанда, тірліктің бәрі рәсуа болып жатыр.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин 2025 жылдан бастап үш зауыт жаңартылатынын айтты. Осы арқылы тағы 500 мың тонна дақыл қосылады. Бірақ мұның өзі аз. Бізге кем дегенде екі миллион тонна қажет. Мәселені шешу үшін Үкімет инвесторлар іздеп жатыр екен.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бір инвестор табылды, тағы бірі қарастырып жатыр. Бұл да оңай емес. Зауыт салу үшін 500 млн-нан 1 млрд-қа дейін инвестиция керек. Инвестор келсе, біз де зауыт салуға дайынбыз. Бірақ зауыт салу үшін тағы да екі жыл қажет. Жасыратыны жоқ, келесі жылы қызылшаға арналған алаңдарды азайтамыз. Өзіміз қызылшаны импорттан аламыз.