Павлодарда өгей әке 15 жастағы қызын жылдар бойы зорлап келген. Сұмдық жайт Майқайың кентінде болыпты. Балалардың құқығын қорғау жөніндегі жедел уәкіл Сәуле Шәкенованың айтуынша, 43 жастағы өгей әкесі қызына 1-сыныптан бастап зорлық көрсеткен. Бірақ, бала одан қорыққанынан ешкімге ештеңе айтапты. Тіпті, бұл жайында анасы да білмеген. Бірақ соңында, қорлыққа шыдай алмаған қыз бар сырын сынып жетекшісіне жайып салған. Осыдан кейін ұстазы дабыл қағып, құзырлы органдарға хабар берген.
СӘУЛЕ ШӘКЕНОВА, ОБЛЫС БОЙЫНША БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:
Қыз баламен қазір психологтар жұмыс істеп жатыр. Қажетті медициналық сараптамалар жасалды. Қазір жағдайы қалыпты. Анасының айтуынша, бұл жағдай туралы білмеген. Ал қыз әкесінің зорлағынын айтудан қорыққан. Бұл жерде қылмысты ашуға сынып жетекшісі түрткі болды. Ол баланың жағдайын сұрап, шындықты ашқан
Полиция департаментінің ақпараты бойынша күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.