Ұшақ билеті қымбат. Рейстің уақыты таяған сайын баға 2-3 есе шарықтайды. Салдарынан діттеген жерімізге шұғыл жету мұңға айналды дейді жолаушылар. Оған не себеп? Мәселенің мән-жайын тілшіміз біліп көрді.
Ұшақ билеті қымбат, рейс кешігеді, жүру уақыты тым ұзақ. Жолаушылар осылай деп шағымданды.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Өзімнің пікірім арзандату керек. Енді бәріне қолжетімді қылу керек бағасын. Енді до того түсіріп тастасын деп айтпаймын енді.
- Ашық аспан болу керек. Большая конкуренция должна быть, открытые аэропорты должны быть.
- Самолет кешігіп қалды, кеше сол ауа-райының қолайсыздығынан дейді.
Халықтың мұң-мұқтажын депутаттар да көтеріп, билет бағасын ретсіз көтеретін және сапасыз ұшақтармен қызмет көрсететін әуе компанияларын жазалау керегін айтты.
Ерболат САТЫБАЛДИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, “АМАNАТ” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Ұшу уақыты таянғанда Қазақ эйр компаниясының 21 000 теңге маңайында сатылатын билеттерді 60 мыңға дейін шарықтатып жібереді. Жанармай мен әуежай қызметі бағасы өзгермесе, өзінің табысын билеттің құнынан үш есе өсіріп, қысыл-таяңды пайдаланып ашкөздікпен пайда тапқаны ма? Бағаның бұлай динамикалық өсуі нарықтың сұранысымен түсіндірері хақ, алайда халықты кім ойлайды? Оқыстан өлім-жітімге, шұғыл шаруасы шыққан жандардың үстінен пұл айырып, қалтасын қағу адамгершілікке жата ма?! Бұл баға жүйесі халықты қанауға бағытталған
Осындай жүйесіздіктің салдарынан азаматтардың жүріп-тұруы мен іс-сапарға шығуы қиындады. Авиация комитеті бағаны реттеуі керек. Авиокомпанияларды көбейтіп, бәсекелестікті арттыру қажет. Мәселе сонда шешіледі. Сенатор Нұртөре Жүсіп осылай дейді.
Нұртөре ЖҮСІП, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Тағы бір қайран қалатын нәрсе мәселен осы біздің осы Қазақстандық авиокомпаниялардың барлығы да авиокеросинді мемлекеттен яғни субсидиялау арқылы алады. Ал ұшақтар көбісі жекеменшік ұшақтарға айналды. Сонда екі ортада тағы да мемлекеттің мүддесі бір жақта, халықтың жағдайы бір жақта қалып қойған ахуал қалыптасып отыр.
Заңға сәйкес әуе компаниясы рейсті 2 сағатқа кешіктірсе жолаушылар салқын су талап ете алады. 4 сағат күтсе тамақтандыруы тиіс. Күндіз 8 сағат, ал түнде 6 сағат рейс кешіктірілсе жолаушылар қонақ үйге орналастырылуы қажет. Сондай-ақ рейс уақыты 5 сағат мерзімге өзгерсе жолаушы жақын арада ұшатын рейске ауысуға немесе билет құнын толық қайтарып алуға құқылы.
Еліміздегі әуе компанияларында жалпы саны 101 ұшақ бар. Аптасына 714 рейс ел ішінде 60 бағыт бойынша қатынайды. Әуе кемелерінің ұзақ жүруіне тікелей бағыттардың аздығы себеп. Ал баға нарыққа тәуелді.
Ләззат СТАМҒАЗИЕВА, ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Билет құны жалпы қазіргі тұрғыда заңнамамен оны сіз реттей алмайсыз. Ол нарықтың құны, яғни рыночная. Бұл бизнес болғандықтан нарықтың өзі реттеп отырады оны. Әрине, билетті ең басты жоспарлаған кезде саяхатты, қандай да болсын саяхатты 45 күн, 30 күн алдын ала алу керек.
Сондай-ақ билет құнына жағармай мен жолаушылардың сұранысы да әсер етеді. Жалпы алғанда ішкі рейстердің мәселесі шешілмесе ішкі туризмнің дамуына кедергі болары анық.