Русский Сайттың толық нұсқасы

"Таза бейсенбі" акциясына "AMANAT" партиясының мүшелері атсалысты

Алматыда "Таза бейсенбі" акциясы өтті. "Таза Қазақстан" экологиялық шарасы аясында ұйымдастырылған акция Бостандық ауданында жалғасын тапты. Оған "AMANAT" партиясының мүшелері, мәслихат депутаттары мен белсенді жастар қатысты. Тазалық шарасында бой көрсеткен жастар қоршаған ортаны қорғау әрбір тұрғынның міндеті деп есептейді. 

СӘБЕН ТЫНЫШҚАЛИ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БОСТАНДЫҚ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жалпы акцияның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, сонымен қатар қала тұрғындарын, аудан тұрғындарын қоршаған ортаны ластамауға шақыру. Сонымен қатар қала тұрғындарын, соның ішінде жас жеткіншектердің елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу болып табылады.