Русский Сайттың толық нұсқасы

Тоқаев Сербия президентіне Алматының апортын сыйлады

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2024
  • 135

18 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Сербияға барды, деп хабарлайды Astana TV.  

Қазақстан президенті Сербия басшысы Александр Вучичті ерекше сыйлықпен, Алматының апотымен таңғалдырған.

Бұл туралы Вучичтің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды.

Президент Тоқаевқа сенім үшін алғыс айтамын. Бұл сапар Сербия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты нығайта түседі деп сенемін, - деп алмамен түскен суретін салды Вучич.


Қазақстан Президентінің бортын Сербия аспанында осы елдің әскери әуе күштерінің ұшақтары алып жүрді.

Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары екі елдің саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты келісімдерге қол қойылмақ. Сонымен қатар Сербияның Премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесу жоспарланған.