Instagram желісінде кішкентай қыз баланы теуіп құлатқан әйел адамның видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода әйел адамның сөмке асынған кішкентай бүлдіршінді алдымен теуіп құлатқаны, артынша бірнеше рет ұрғаны, содан кейін бетін, басын қолымен жауып қорғанған сәбиді киімімен арқасынан, бетінен ұрғаны түсіп қалған.
Әйел адамның мұндай қатыгездігін желі қолданушылары қатаң сынға алды.
«Алла сақтасын, есі дұрыс па?», «Керек емес болса, маған жіберіңізші», «Құбыжық қой мынау деген, хайуан да баласын былай қорламайды-ау. Соттату керек қой мына қатынды», «Көшеде осылай ұрса, үйінде не істемейді???», «Бала қанша қырсық болсада ұрып тәрбиелеу қате», «Аналық құқығынан айыру керек, сонша жауыздық қой», - деп жазды желі қолданушылары.