Русский Сайттың толық нұсқасы

8 млн-ға жуық қазақстандық табысы туралы декларация тапсырудан босатылуы мүмкін

Қазақстандықтар табысы туралы декларация тапсырмайды. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев Үкімет отырысында айтты. Ол автоматтандырылған салықтық бақылау мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке құрылымдардың қызметкерлеріне, зейнеткерлерге, үй шаруасындағы әйелдерге, студенттерге және азаматтардың басқа санаттарына қатысты ерікті декларациялау құқығын қалдыруды ұсынды. Айта кетейік, бұған дейін салықтық декларацияны тапсыруға 4,8 млн қазақстандық міндеттелген еді. 

МӘДИ ТАКИЕВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде активтері бар, бір жыл ішінде құны 20 000 АЕК астам сатып алулар жасаған, өз бетінше салық салынатын табыс тапқандар үшін сақтау ұсынылады. Бұдан басқа, азаматтарға ерікті түрде декларациялау құқығы беріледі.