Русский Сайттың толық нұсқасы

“Amanat” партиясының белсенділері полицейлермен бірге түнгі рейдке шықты

Ал Қарағандыда “Amanat” партиясының белсенділері полицейлермен бірге түнгі рейдке шықты. “ Қауіпсіз қоғам” жобасы аясында арнайы мобильдік топтар құрылған. Инспекторлармен бірге белсенділер көшедегі және көңіл көтеру орындарындағы қауіпсіздікті бақылайды. Түнде клубтар мен кафе, ресторандарда жүретін жасөспірімдер көп. Кейде ол туралы ата- аналары да білмей қалады. Заң бойынша бұндай құқық бұзушылық үшін отбасы 22 мың теңге айыппұл төлейді. Бір түнде 4 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Сондықтан белсенділер желтоқсан айындағы мерекелер қарсаңында есепте тұрған балалардың ата- аналарымен кеңес өткізбек.